Importance and technology of making soap from rice water

E Ibragimova, N Sherekhan

Адамзаттың даму жолында әр түрлі қажеттіліктердің туындауына байланысты көптеген заттарды табиғатты пайдалану арқылы шығарды. Қазіргі таңда ғылыми жобаларға, өзге мемлекеттердің соңғы жаңалықтарына қарап қызығушылық білдіреміз. Бірақ, тарихқа үңілсек, барлық адамзат секілді қазақ ұлты да өз өмірлерінде табиғатты дұрыс пайдаланудың арқасында өздеріне қажетті дүниелерді жасаған. Ең бастысы бүгінгі заманда да маңызды және сұранысқа ие боларлықтай дүниелер баршылық. Ұлтымыз табиғатты, табиғи заттарды өте ұқыпты пайдалануға ерекше назар аударған. Табиғат өнімдерін бір-біріне қосу арқылы тұрмысқа қажетті заттарды алу жолдарын жетік меңгерген. Өнімдерді қалдықсыз, үнемі пайдаланған. Біздің ата-бабаларымыз ерте кездің өзінде-ақ жаратылыстану ғылымдарының бірі биология ғылымының негізгі күрделі ұғымдарын үй тұрмысында кең түрде қолданып отырған. Жәй ғана қолданып қоймай, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Солардың кейбірі бүгінгі тұрмысымызда сабын жасау ісі ұмыт болып отыр, сол себепті халқымыздың бұл өнерін қайта жаңарту үшін пайдалы жақтарын және өнімнің табиғи таза екенін жеткізу арқылы күнделікті тұрмысқа еңгізуді мақсат ету арқылы, Қазақстанда табиғи жолмен жасалған өнімдерді көбейте отырып, ұлтымыздың сабын жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану және бет терісіндегі әр түрлі проблемалардың алдын алу жолдарын қарастырдық.

50

Abstract views:

54

Downloads:

hh-index

0

Citations