35
А.БАЙТҰРСЫНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ
ҚАРАҚАЛПАҚСТАНДА ҮЙРЕНІЛУІ
Ы.А.Құттымуратова
Нөкіс мемлекеттік педагогика
институты доцент, PhD
Аннотация:
Қазақ әдебиетінің майталман өкілдерінің бірі болған Ахмет
Байтұрсыновтың оқу-білімге, өнерге, адамдық қасиеттерге шақыратын еңбектері
қазіргі жастарымыз санасын оятып, отансүйгіштік патриоттық сезім оятары сөзсіз.
Мен Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты ағылшын тілі
пәні улкен оқытушысы PhD Гулмира Усенова институттың бастауыш тәлім бөлімі
білімгерлеріне ағылшын тілінен сабақ беремін. Сабақ барысында Аxмет Байтұрсын
ұлының еңбектерін әр сабағымда білімгерлермен талдау жүргізіп отырамын. Оның
өлеңдері күш-жігерге, Отанға деген сүйіспеншіліке, адалдық пен адамгершілік
қасиеттерге толы. Біздің Өзбекстанымызде тәлім мен қоса тәрбие қатар
жүргізілгендіктен тілші әрі ақын, ірі қоғам қайраткері Ахмет байтұрсыновтың ел үшін
жасаған ерлік туындылары жастарды оқу-білімге шарлары сөзсіз. Әсіресе оның «Маса»
атты қырық мысалы, «Оқуға шақыру» сияқты өлеңдері жастарды өнер-білімге, Отан
сүйгіштікке тәрбиелейді. Сондықтан осы өлеңдерін ағылшын тіліне аударып, оның
мазмұнын айқын түсіндіруге әрекет жасаймын. Болашақта А.Байтұрсынов өлеңдерінің
қазақша, қарақалпақша, ағылшынша аудармалары үстінде жұмыс жасамақпын. Бұл
бойынша бізде мүлдем жұмыс жасалмаған, тың нәрселер. Осының басын ашу біз сияқты
ұлт жанкүйерлерінің алдында тұрған басты міндет деп ойлаймын.
Кілт сөз:
лингвистика, тіл, әдебиет, қоғам, ғылым, білім.
Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Қазіргі заманда, ғалымдар
есебінше әлемде шамамен 6 мыңнан астам әр түрлі тіл бар екен. Соның 100-
ден астамы ғана мемлекеттік мәртебе алған. Яғни тіл мәртебесі – ұлттың
ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейтін шынайы мемлекеттің
сыны. Әрбір ұлт жеке мемлекет болған күннен бастап тілінің тәуелсіздігін
күн тәртібіне қояды. Оған әлемдегі барша елдердің тарихи даму жолы толық
дәлел. Тіл үйрену ең алдымен балабақшадан басталып, мектепте орта әжне
жоғарғы оқу орындарында жалғасатыны мәлім Тіл адам жанының тілмәші.
Тілсіз, үжрек түбіндегі бағасыз сөздер, түкпіріндегі асыл ойлар жарық
көрмей, болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа
шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа
шығарып, басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы бар. Жазушы, ақын деген
сөз ойлаған ойын әдемілеп жарыққа шығара алатын адам деген сөз. Тілі кем
болса, адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып, айтуға тілің жетпесе, іш
қазандай қайнайды. Қысқасы, адамның толық мағынамен адам аталуы тіл
36
арқасында. Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де
қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт, дүниеде ұлт болып жасай алмақ
емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтыңның ұлт болуы үшін бірінші шарт тілі
боялуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа
тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері,
тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде
қазақтың сары сайран даласы, бір есе желесіз түндей тымық, біресе құйындай
екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын
сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең. Тілі де бай.
Ахмет Байтұрсынов ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері
өз замында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі жоғары
бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген
тарихи тұжырымдардың орны ерекше. Сталинизм қылышынан қан тамған
кезеңде Ахмет әуелі 1929 жылы бір ұсталып, ұзақ азап көріп, 1936 жылы
қайтып келгенмен, 1937 жылы репрессияға ұшырап атылады. Ахмет
қарапайым ғана кісі емес, оқыған кісі. Қазақтың ол уақыттағы кейбір
оқығандары губернатор, соттарға күшін салып тілмаш болып, кейбір
оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп үжргенде Ахмет қазақ ұлтына
жанын аямай қызметтерін қылды. «Қырық Мысал» , «Маса» кітаптары,
«Қазақ» газетіне редакторлық еткен еңбектерін Алаш кезеңін артынан
компартияға кіргенін біледі. А.Байтұрсынұлы туған халқының ғылым –
білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады.
«Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім
де сондай керек», - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл
мектебінің сол кездегі хәл – күйі оның қабырғасына қатты батты. Бұл
жөнінде «Әуелі ауыл мектебінен басталық. Осы күнгі ауыл мектептерінде
оқуға керекті құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз. Сонда да хат білетін
қазақтардың проценті мұжықтардан жоғары... А. Байтұрсынұлы
мұғалімдерді педучилищелер ашып арнаулы оқу орындары арқылы
даярлаудың тиімділігін айта келеді де, ондай оқу орнының әзірге қазақ
даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерінен не қазақ медреселерін
оқып бітірген жастардың талаптыларын мұғалімдік ұжмысқа қоса
пайдаланайық деген ұсыныс жасайды. Медреседе оқығандардың педагогика,
әдістемеден хабарсыз екенін, ал орыс мектептерін оқып бітіргендердің
мұсылманша хат білмейтіндігін қынжыла сөз етеді. Олардың білімін
37
жетілдіру мақсатында жаз айларында 1 – 2 айлық қысқа мерзімді курстар
ашуды ұсынады. Автор қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер
оқытылу керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндерді оқу, жазу, дін, ұлт тілі,
ұлт тарихы, нсеп, шаруа – кәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыс болуы керек
екендігін нақтылап көрсетеді. А. Байтұрсынұлы осы пәндердің оқулықтарын
шығарудың қолға алынғанын, алайда арнайы баспахана болмағандықтан
кейбір оқулықтарды шығару ісіндегі қиындықтарды қынжыла баяндайды.
Автор бірлі – жарым шыққан оқулықтарды оқу ісіне пайдаланбай жатып
сынға алушыларды сынай келе, оқулық жасауға тәжірибелі мұғалімдердің де
ат салысуын талап етеді. Мәселен, Назаров деген біреудің қазақ
мектептерінде ана тілінде оқытатын оқулық жоқ болғандықтан бірден
орысша оқытуды қуаттаған пікірінің негізсіздігін әшкерелеп, «Ана тілімен
оқу бізге керек екендігінде еш талас болмасқа керек» деп кесімді пікір
айтады. А.Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да
көп ұжмыс жасалды. 1912 жылдан бастап үш жылдық бастауыш
мектептерде (ол «ауыл мектебі») шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде
ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни
ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтан да әр мұғалім өз
ыңғайына қарай не орыс, не арап жазуларын пайдаланатын. А.Байтұрсынов
бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық
Министрлер Советінің Предцедателі атына петиция жазады. Ондағы қойған
талаптың бастылары: «қазақ даласында оқу –ағарту ісі дұрыс жолға
қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын
болсын. Оқу ана тілінде ұжргізілсін» т.б. Осы талаптарды үжзеге асыру
үшін А.Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын
жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген
құралы жеті рет қайта басылып 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі
оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. А.Байтұрсынов 1926 жылы
«Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгідей суреттермен берілген Әліппе кітабын
жазды. Ал бұл «Әліпбидің» 1928 жылы Қызылордада шыққан 3 – басылымы
қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегі ше бағаланды:
«Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа.
Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 – рет
басылған бұрынғы «Әліпбиі» («Оқу құралы») қазақ ұжртына орасан көп
пайда келтірген еді...Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан
38
кейін ол «Әліпби» әдіс өжнінде де, мазмұн жағынан да ескерген. Мынау жаңа
«Әліпбиі» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпбидің»
мазмұны қазақ жағдайны қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа
программасына үйлесімді болып шыққан. әңгімелері балалар үшін қызық,
жеңіл, заманға лайық. «Әліпби көңілдегідей болып шыққан». А.Байтұрсынов
қазақ тілін оқыту әдістемесінің ірге тасын қалаушы. Ол қазақ тілін дыбысқа
бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше
әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы»
деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда ватор мұғалімдерге
«Әліппені» пайдалнудың, сауат ашу әдістерінің жол – жобасын көрсетіп
берді. Автор «Оқу құралының» алғашқы бетін балаларға арналған өлең
жолдарынан бастайды.
Балалар! Бұл жол басы даналыққа
Келіңдер, түсіп, байқап қаралықта!
Бұл жолмен бара жатқан өзіндей көп,
Соларды көре тура қалалық па?
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
Осы жолдар арқылы Ахмет Байтұрсынұлы сауат ашуға шақырды. Ахмет
Байтұрсынұлы әліппесінің құндылығы: ол әрбір әріптерді мысалдармен
бекітіп отырады.
Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы әрбір такырыпқа дидактикалық
қағидалар ұсынуда, әріптің соңында мынадай тұжырым жасайды: «Бұл үш
әріфті балаларға үйрету үшін әуелі бөлек-бөлек бір-бір жапырақ қағазға
үлкен етіп жазу. Сонан соң А-дан бастап әрбіреуін балаларға белек-бөлек
көрсету. Балалар әрбіреуін жаңылмайтындай болып білген соң, алиф баға
қаратып оқыту. Бормен жазатын үлкен тақтай болса, әрбіреуін бөлек-бөлек
тақтайға жазып көрсетсе де болады». Бұл тұжырым арқылы Ахмет мүғалімге
қалай оқыту қажет екендігін аңғартып отырады. Танымдық материалды
іріктеп, жинақтап, үжйелеп беріп отыратындығы жоғарыда көрсетілді.
Алдыңғы тақырыптарды бекіту үшін дидактикалық материалдар беріліп
отырылады. Мәтіндегі әңгімелердің тақырыптары оқу-білімнің қажеттілігіне
бағытталған. Мысалы: «Мен қалай оқуға бардым» атты әңгіменің мазмұны
Әбіш деген баланың оқуға деген ынтасын оятқан досының тағдыры, сол
арқылы автор балаларды оқуға, білім алуға шақырады. Ахмет
39
Байтұрсынұлының «Оқу құралы» үжйелі түрде жазылған оқулық - Ондағы
берілген материалдар тілге жеңіл, оқушылардың танымдық қабілетін оятуға
арналады. Тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыпқа А.Байтұрсынұлы
әңгімелер ұсынып отырған. «Жұмаш» атты әңгімесінде жарлы баланың
аянышты тағдырын суреттей отырып, адамгершілік тәрбиесін алға қойды.
Сонымен, қорыта келе айтарымыз, Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырған
жаттығу үлгілері мен оқыту әдістері кейінгі оқулықтар мен өдістемелік
еңбектерде одан әрі тереңдетіліп, күні бүгінге дейін қолданылуда. Ғалым
оқулықтарындағы оқушылардың сөздік қорын байытып, сөз мағыналарын
дүрыс колдануға баулу бағытындағы үлгілер кейін басқа оқулықтар мен оқу
бағдарламаларын жасау кезінде енегелік рөл атқарды.
Бастауыш сынып оқушыларына текст арқылы түрлі ғылым саласынан
алғашқы білік, мағлүмат беру міндеті орыс әдіскерлерінің ғана емес,
казақтың алғашқы ірі ағартушылары Ы.Алтынсариннің, А.Байтұрсынұлының
еңбектерінен басталғаны қазір ешбір күмән келтірмейді. Әдістеме іпімінің
осы қағидасы бүгінге дейін жалғасып, ол бастауыш сыныптың
оқулықтарында сақталып отыр.
Әдебиеттер:
1.
Kuttimuratova I. The influence of the karakalpak language on the speech of
Kazakhs of Karakalpakstan // Norwegian Journal of Development of the
International Science. – 2021. – №. 73-2. – С. 39-40.
2.
Kuttimuratova I., Mambetkerimov G. Overview of toponymic names in
Kungrat district // Norwegian Journal of Development of the International
Science. – 2021. – №. 74-2. – С. 46-48.
3.
Kuttimuratova I., Mambetkerimov G. Onomastic term of kungrat district of
Karakalpakstan //Norwegian Journal of Development of the International
Science. – 2021. – №. 74-2. – С. 43-45.
4.
Quttimuratova I. A. Lingua-geographical study of the lexical dialectology of
the kazakhs in the Republic of Karakalpakstan // Theoretical & Applied
Science. – 2019. – №. 12. – С. 674-677.
5.
Abdiraxmanovna, Q. I. (2016). Professionalisms connected with fishing in the
language of the Kazakh people in Muinak and Kungrad regions of
Karakalpakstan. Austrian Journal of Humanities and Social Sciences, (5-6),
34-37.
6.
Куттымуратова Ы. А. Изучение лексики казахского говора Кунградского
района в лингвогеографическом аспекте //Вестник Челябинского
государственного университета. – 2011. – №. 13. – С. 84-86.
