STUDENTLERDI BIRLESTIRIW: XALÍQARALÍQ IZERTLEWLER HÁM PÁNLER BOYINSHA BIRGE
ISLESIW 1-XALÍQARALÍQ STUDENTLER KONFERENCIYASÍ. NÓKIS, 2025-JÍL 20-21-MAY
__
_____________________________________________________________________________________________
173
Bu, eng avvalo, oiladan boshlanmog‘ Iozim. Maktabgacha yoshdagi bolalarni tabiat bilan
tanishtirishning quyidagi yo‘llari mavjud:
• Mashg‘ulotlar o‘tkazish;
• Ekskursiya;
• Mehnat;
• O‘yinlar;
• Kundalik hayot ishlari.
Hulosa qilib aytganda Ekologik tarbiyaning bosh maqsadi maktabgacha yoshdagi bolalarda
atrofmuhit va uning muammolari haqida ongli munosabatn ihamda ular bo‘yicha optimal yechimlar
toppish to‘g‘risidagi bilim, ko‘nikmava malakalarni shakllantirishdan iborat. Sayyoramizning
kelajagi yosh avlodning ekologik madaniyatiga bog‘liq ekanligi barchamizga yaxshi ayon. Zero,
global ekologik muammolarni faqat milliy va global miqyosdagi birgalikdagi sa’y-harakatlar bilan
hal qilish mumkin. Yoshlar orasida ekologik madaniyatni shakillantirish uchun zamonaviy usullarni
o’ylab toppish lozim.Masalan o’smirlar va yosh bolalar orasida hozirgi kunda har xil vituval o’yinlar
rivojlanib bormoqda. Agar bu o’yinlar o’rniga atrof-muhitni himoyalashni targ’ib qiluvchi o’yinlar
ishlab chiqilsa yoshlarda tabiatni asrab avaylash boyicha bilim va ko’nikmalar shakillanadi.Bundan
tashqari maktablarda gi dars jarayonlarida ekolo’giya haqidagi malumotlar berib borilsa, kimyo,
biologiya, geografiya va fizika kabi fanlar ekologiya bilan bog’langan holda o’qitilsa maktab
o’quvchilari ekologik bilimlarga ega bo’lishadi.
Foydalanilgan adabiyotlar
1. A.ERGASHEV – “UMUMIY EKOLOGIYA” TOSHKENT 2003
2. https://cyberleninka.ru
ЖҰМАҒЫМСЫҢ ТУҒАН ЖЕР»
(Жергілікті жас ақын Мейрамбек Әбдіқалиев өлеңдері негізінде)
Кенжебаева Роза Сайлауовна,
Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы оқытушысы
Сейдиллаева Гүлжайна,
Қазақ тілі және әдебиеті тәлім бағдарының
4-басқыш тәлімгері
Аннотация:
Мақалада жас ақын Мейрамбек Әбдіқалиевтің туған жеріне арналған
жырлары, ауылдағы өмір ерекше нәзіктікпен суреттеліп, ақынның кiндiк кесiп, кiр жуған
өлкесіне деген махаббаты шынайы шеберлікпен жырланған.
Кілт сөздер:
Ақын, жыр, поэзия, өмірбаян, ақындық шабыт....
Адам баласының өмір атты өрлі өзеннің кемесіне мініп, бауырында еркін өсіп, тынысын
кең алып, балапандай қанаты қаққанша өсіп, ер жетіп, болашағынан үлкен үміт күткен киелі
мекені өзі туған ауылына не жетсін?!
Бойында жырдың қуаты, ойында нұрдың шуағы, әдебиет майданының жаңа майталманы
Мейрамбек Әбдіқалиев өзі туған аулын жанындай жақсы көріп, мақтанышпен жырлайды.
Жырдан інжу маржан жыр моншағын терген ақынның өнер туындысына үңілген сайын
бойыңды ерекше сезім билеп, махаббат пен тебіреніске толы жырларын оқыған сайын
ақынның қуаныш пен мұңға, сағыну мен аңсауға толы жырлары бізді сонау албырт жастық
STUDENTLERDI BIRLESTIRIW: XALÍQARALÍQ IZERTLEWLER HÁM PÁNLER BOYINSHA BIRGE
ISLESIW 1-XALÍQARALÍQ STUDENTLER KONFERENCIYASÍ. NÓKIS, 2025-JÍL 20-21-MAY
__
_____________________________________________________________________________________________
174
шаққа жетелеп бара жатқандай сезінеміз. Ақынның туған аулына арнап жазған «Біздің ауыл
сұрасаң» өлеңінде:
Ауылым, алыс күндер шіркін елес,
Жүректе қалайша енді жыр түнемес.
Тандырға нан жапқанда ақ жеңгелер,
Нан ауыз тимей өту мүмкін емес.
Тарихы тұнып тұрса әр тасында,
Сағыныш шумақ жырмен тарқасын ба?
Әжейлер ғажайып қай ауылдағы,
Тәттісі таусылмайтын қалтасында.
Бұл ақынның ауылға деген сағынышпен өрілген лирикалық шығармасы. Ақын балалық
шақтың тәтті естеліктерін, ауыл өмірінің ерекше көріністерін суреттеп, туған жердің орны
бөлек екенін жүрекпен сездіреді. Ақын өткен күндерін еске ала отырып, ауылдың жылулығын,
қарапайым өмірдің қадірін ерекше сезінеді.
- "Тандырға нан жапқанда ақ жеңгелер,
Нан ауыз тимей өту мүмкін емес",
"Шай ішпей кете алмаушы ед сары маймен,
Бөтен қой іздеп келсе көрші бала." – бұл жолдар ауылдағы қазақи қонақжайлықты,
адамдардың пейілі кең даладай дархандығын көрсетеді.
Бір жұмақ бар деп білем жер шарында,
Сақтаулы қалар дәйім сол шағында.
Ауылым-алтын бесік, туған жерім,
Сағынсаң сол шақтарды келші ауылға....
Сағындым сол бақтарды, жүрші ауылға.
Ақынның ауыл өмірінің әр сәтін қалт жібермей, жүректен тербеп, сағынышпен жазылған
көркем туындысы. Тақырыбы — туған ауыл, балалық шақ, өткен өмірдің тәтті естеліктері.
Ақын ауылды тек бір мекен ретінде емес, өзінің жан тыныштығының, балалығын аңсаудың
символы ретінде суреттейді. Өлеңнің әрбір шумағы ауыл өмірінің көріністерін көз алдымызға
елестетіп, оқырманды балалық дәуренге жетелейді.
Өлеңнің құрылымы шымыр әрі біртұтас. Әр шумақта нақты бір сурет немесе ой беріледі
де, соңында барлығы тұтас бір сағыныш сезіміне ұласады. Шумақтар арасындағы
байланыстырушы ой — сағыныш пен ауылға деген махаббат. Автордың қолданған қайталауы
— «Ауылым — алтын бесік, туған жерім, Сағынсаң сол шақтарды келші ауылға... Сағындым
сол бақтарды, жүрші ауылға» — өлеңнің өзегіне айналған. Бұл қайталау өлеңге әуезділік пен
әсерлілік сыйлап, оқырманның жүрегінде терең ой қалдырады.
Өлеңдегі көркемдік құралдар ерекше назар аудартады. Эпитеттер мен теңеулер арқылы
ауыл өмірі бояуы қанық, бейнелі суреттеледі. Мысалы, «тандырға нан жапқанда ақ жеңгелер»
деген жолдар ауылдың қарапайым тұрмысын, отбасылық жылылықты жеткізсе, «әжейлер
ғажайып қой ауылдағы, тәттісі таусылмайтын қалтасында» деген жолдар балалық шақтағы
аңқау сенім мен тәтті естеліктерді бейнелейді. Өлең қатарларындағы осы жолдар арқылы автор
ауылдың әрбір бұрышы, әрбір адамы ерекше екенін баса көрсетеді.
Өлеңде ауыл тарихы да шебер өрілген. «Тарихы тұнып тұрса әр тасында» деген жолдар
ауылдың терең тамырын, өткен өмірмен байланысын білдіреді. Әр тасы, әр бұрышы тарихтан
сыр шертіп тұрған ауыл — нағыз киелі мекен бейнесінде суреттелген.
Ақын ауыл өмірін ерекше нәзіктікпен суреттейді. «Шай ішпей кете алмаушы ед сары
маймен» - ауылдағы қонақжайлық пен мейірімнің айқын көрінісі. Мұндағы сары май —
ауылдың дәмі мен жұпары аңқыған иісін сездіріп отыр. Ал «қалалық бассейндер бере алмай
жүр, арықта асыр салған қылықтарды» деген жол қазіргі қалалық өмір мен ауылдың табиғи,
STUDENTLERDI BIRLESTIRIW: XALÍQARALÍQ IZERTLEWLER HÁM PÁNLER BOYINSHA BIRGE
ISLESIW 1-XALÍQARALÍQ STUDENTLER KONFERENCIYASÍ. NÓKIS, 2025-JÍL 20-21-MAY
__
_____________________________________________________________________________________________
175
шынайы өмірін салыстыру арқылы балалықтың қадірін аша түседі. Бұл жерден біз бал дәурен
балалықтың нағыз бақыт екенін, оны сатып та ала алмайтынымызды түсінеміз.
Өлеңнің тілі жеңіл, түсінікті, қарапайым халықтық сөздермен өрілген. Сол себепті
оқырманға ой салуымен бірге жүрекке жылы тиеді. Жалпы өлең бойынан ұлттық таным мен
ауыл өмірінің иісі аңқып тұр. Өлеңнің финалында берілген
«Бар жұмақ сол деп білем жер шарында,
Сақтаулы жүректерде сол шағында» деген ой — түйін, өлеңнің философиялық мәнін аша
түседі. Ақын нағыз жұмақ адамға туған жері, балалық шағы өткен ауылы екенін білдіріп тұр.
Өлең ұйқасы — қара өлең мен еркін ұйқастың үйлесімі. Яғни, бірінші, екінші және
төртінші тармақтар ұйқасып, үшінші тармақ көбіне еркін немесе іштей үндесіп тұр.
Көркемдік құралдардан эпитет, теңеу, метафора, гипербола, қайталама, антитеза, символ
молынан қолданылып, ауыл өмірі мен балалық шақтың әсерлі суреті жасалған. Өлең
шынайылығымен, көркемдігімен ерекшеленеді және оқырманын терең сағыныш пен туған
жерге деген махаббатқа бөлейді.
Жалпы алғанда, бұл өлең — туған жер мен балалық шаққа арналған сағынышқа толы
шынайы туынды. Өлең ауыл өмірінің әрбір көрінісін поэтикалық биік деңгейде суреттей
отырып, оқырманын өткеніне, балалықтың таза әлеміне жетелейді. Өлеңнің құрылысы, тілі,
көркемдік тәсілдері үйлесім тауып, тұтастай алғанда әсерлі әрі жанға жақын шығарма болып
шыққан.
Туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік пен шынайы құрметтің көрінісі ақынның
«Жұмағымсың туған жер» атты өлеңінде ерекше шеберлікпен өрілген. Бұл өлең — туған жерге
деген шексіз махаббат пен сағыныш сезімін терең бейнелейтін лирикалық туынды. Өлең
авторы туған жерін киелі мекен ретінде суреттеп, әр тармағында өз тағдыры мен туған жердің
тағдырын сабақтастырады. Өлеңнің негізгі өзегі — туған жерге деген мақтаныш сезімі мен
оған мәңгілік қарыздар екенін сезіну.
Құралайдай Бетпақтан су іздеген,
Туған жер құпияңды көп іздегем.
Сен жайлы ақындардың бәрі жазған,
Мен де жырлап келемін сол із бенен.
Ақын үшін туған жер – тек мекен емес, оның рухани байлығының, өмірлік мәнінің бір
бөлігі. Ақын туған жер туралы жырлауды өз парызы ретінде көреді:
"Сен жайлы ақындардың бәрі жазған,
Мен де жырлап келемін сол ізбенен."
Өлең мазмұндық тұрғыдан бірнеше маңызды ойды қамтиды. Ең алдымен, ақын туған
жердің құпиясын түсінуге тырысқан бала кезден бергі сезімін суреттейді. Шумақтың
«Құралайдай Бетпақтан су іздеген» деп басталуы — туған жердің мәні мен маңызын түсіну
жолындағы ұзақ та қиын сапарды меңзейді. Бетпақдала сияқты шөлді жерді мысалға ала
отырып, туған жердің қадіріне жету, оның әр тасының, әр талының мәнін ұғу екінің бірінің
қолынан келмейтінін байқатады. Бұл жолдар өлеңге философиялық тереңдік қосып тұр.
Ақын жүрек жырлайды ақтарып наз,
Туған жер сені ойламас шақтарым аз.
Мақтап жазба жерімді шер қаламым,
Жазар болсаң, тек қана мақтанып жаз!
Ақын туған жерін бар ақындардың шабыт көзі, жыр арқауына айналған мекен ретінде
суреттеп, өзінің де сол ақындар салып кеткен ізбен жүріп, туған жерге арнап өлең жазуы —
оның осы қасиетті жолды жалғастырушы екенін көрсетеді. Туған жерге арналған жыр
сүрлеуінде ақын өзінің де қолтаңбасы -жырларының қалуын қалайтыны байқалады.
Өлеңнің бұл шумағынан біз ақын жүрегінің туған жер десе тебіренбей тұрмайтынын
айқын аңғарып отырмыз. «Ақын жүрек жырлайды ақтарып наз» деген жолдардан ақын
STUDENTLERDI BIRLESTIRIW: XALÍQARALÍQ IZERTLEWLER HÁM PÁNLER BOYINSHA BIRGE
ISLESIW 1-XALÍQARALÍQ STUDENTLER KONFERENCIYASÍ. NÓKIS, 2025-JÍL 20-21-MAY
__
_____________________________________________________________________________________________
176
сезімінің мөлдірлігі, шынайылығы көрінеді. Ақын туған жерге деген махаббатын ешқандай
жасандылықпен мақтау үшін жазбайтынын нақты дәлелдейді.
«Мақтап жазба жерімді шер қаламым,
Жазар болсаң, тек қана мақтанып жаз!» — деген жолдар туған жердің қандай болса да
мақтауға лайық екенін білдіреді. Бұл ой өлеңнің басты идеялық өзегінің бірі — туған жерді
жүрекпен сүю.
Өлеңнің келесі шумақтарында туған жердің кеңдігі, байлығы және табиғаты көрініс
табады.Ақын туған даланың Тахтакөпір атануының өзі кеңдікті, дархан даланы білдіреді деген
оймен «Құмай құсы» мен «Аруана» бейнелері арқылы туған жердің киесі мен қасиеті ерекше
суреттеледі. Атақты ақын Төлегеннің жырына сілтеме жасау арқылы туған жердің мәңгілік
шабыт көзі екенін ашып береді. Бұл — туған жердің ұлттық әдебиет пен мәдениеттегі алатын
орнының биіктігін көрсететін тамаша тұс.
Тахтакөпір дер біздің кең даланы,
Келеді Құмай құсы самғап әлі.
Біздің елге асыққан десе сенем,
Төлеген жырындағы Аруананы.
Өлеңнің ең әсерлі тұстарының бірі — ақынның туған жер мен жәннатты салыстыруы.
Ақын туған жерін мақтан тұтып, оны жәннатқа теңемей, керісінше, жәннатты туған жерімен
салыстырады. Бұл туған өлкенің құндылығын, қасиетін ерекше сезінген адамның ішкі
толғанысы. Ауылын жәннатқа теңемейтінін, керісінше, жәннатты ауылыма теңеймін деп
түйеді. Бұл ой арқылы туған жердің адам өміріндегі ең қасиетті, ең биік орынға ие екенін айқын
сезіндіреді. Ақын үшін туған жер — дүниедегі ешбір жермен салыстыруға келмейтін, баға
жетпес құндылық.
Жерім деп жарасады не десем де,
Елім деп еміренем егессем де.
Ауылымды жәннатқа теңемеймін,
Жәннатты ауылыма теңесем де.
Өлеңнің соңғы шумағы алғашқы шумақпен қайталанып, шығармаға тұтастық пен әуезділік
сыйлап тұр. Бұл қайталау — туған жерге деген мәңгілік сағыныш пен тұрақты сезімді білдіреді.
Өлеңнің композициялық құрылымы да өте сәтті: басталған ой соңында қайыра жаңғырып,
оқырманның көңілінде өшпес әсер қалдырады.
Құралайдай Бетпақтан су іздеген,
Туған жер құпияңды көп іздегем.
Сен жайлы ақындардың бәрі жазған,
Мен де жырлап келемін сол із бенен.
Ақынның бұл өлеңі — туған жерге арналған жүрекжарды туынды. Өлеңде туған жердің
кеңдігі, қасиеті, киесі көркем суреттеліп, автордың шынайы махаббаты сезіледі. Өлең мазмұны
терең, ойы анық әрі тұжырымды. Автор туған жерін жырлау арқылы әр адамның өз Отанына
деген құрметі мен махаббатын оятуды мақсат тұтады. Туған жер мен балалық шақ, өткен өмір
мен мәңгілік сағыныш астасқан бұл туынды оқырманның жүрегіне жетіп, ой салады.
Мейрамбек Әбдіқалықовтың туған жерге деген шынайы сүйіспеншілік пен ерекше
мақтаныш сезімін білдіретін лирикалық шығармасы «Қызылқұм» деп аталады. Ақын туған
жерінің табиғатын, болмысын асқақтата отырып, сырт көзге жай ғана құм, тақыр сияқты
көрінетін мекеннің астарында терең мән жатқанын жеткізеді. Өлең құрылысы мен көркемдігі
арқылы туған жердің даралығын, табиғи ерекшелігін, ақынның сол жерге деген ерекше іңкәр
сезімін терең суреттеген.
Өлең төрт жолды шумақтардан құралған және әр шумақ өз ішінде толық ойды білдіреді.
Ақын өлең құрылымын тұтастықта ұстап, әр шумақта туған жерге қатысты нақты ойды
STUDENTLERDI BIRLESTIRIW: XALÍQARALÍQ IZERTLEWLER HÁM PÁNLER BOYINSHA BIRGE
ISLESIW 1-XALÍQARALÍQ STUDENTLER KONFERENCIYASÍ. NÓKIS, 2025-JÍL 20-21-MAY
__
_____________________________________________________________________________________________
177
жеткізіп отыр. Өлеңнің ұйқасы — шұбыртпалы және қара өлең үлгісіне жақын. Жалпы ұйқас
үлгісі а-а-а-а немесе а-а-б-а тәрізді болып, өлеңге әуезділік пен ырғақ береді.
Туған жерге ештеңе теңдеспеген,
Топырағын алтынға бермес те екем.
Қашан да биіктікті ұнатқанмын,
Болсам да тауда туып, таста өспеген.
Мазмұн тұрғысынан ақын туған жерін таулы, орманды өңірлермен немесе гүлді
мекендермен салыстырмайды. Бірақ соған қарамастан туған даласына деген махаббаты
кемімейтінін ашық білдіреді. Алғашқы шумақта-ақ ақын туған жерін ештеңеге
айырбастамайтынын нақты айтады.«Топырағын алтынға бермес те екем» деген жол туған
жерге деген шексіз махаббаттың, беріктіктің дәлелі іспетті. Ақын өзінің биікке ұмтылатынын
айтса да, туған жердің табиғаты мүлде басқа — кең дала, құм екенін ашық баяндайды.
Біздің ел кең далалық, тақырлы құм,
Жүрегіндей данышпан сабырлының.
Тым-тырыс ойға батқан төбе-белдер,
Не екенін білмес салдыр-сұлдырлының.
Мұнда ақын туған жердің ерекшелігін сипаттайды.Ақын туған жерін «кең далалық,
тақырлы құм» деп нақтылайды. Бұл жерде табиғаттың ерекшелігі сырттай жұтаң көрінгенімен,
шын мәнінде үлкен философиялық ой бар екенін білдіреді. «Жүрегіндей данышпан
сабырлының» деген жол арқылы кең даланың тыныштығы мен терең ойға жетелейтін қасиеті
көрсетілген. Ақын даланың үнсіздігін адам мінезіндегі сабырмен байланыстырады.
Болмаса да Асқар тау, биік шыңдар,
Ел десе, төбем көкке тиіп тұрар.
Көкті аңсап қанат қаққан қырандар да,
Бір күні топырақты сүйіп құлар.
Бұл шумақта ақын туған жерінде асқар тау, биік шыңдар болмаса да, оның көзіне туған
жері бәрінен биік көрінетінін айтады. Бұл — туған жердің сыртқы келбеті маңызды емес,
адамның жүрегіндегі орны маңызды деген ойды аңғартады. Әсіресе, «Көкті аңсап қанат қаққан
қырандар да, бір күні топырақты сүйіп құлар» деген жол арқылы туған жердің киесі мен
құдіреті көрсетілген. Қанша биіктеп ұшсаң да, бәрібір туған жерге оралу, сол топыраққа тағзым
ету — заңдылық.
Бір ойым өлең бопты санамдағы,
Бірақ та таралмады, жана алмады.
Тас жүрек болуым да мүмкін емес,
Адамзат топырақтан жаралғалы.
Келесі шумақтарда туған жер — адам болмысының бір бөлшегі екені айтылады.Ақын
өлеңі ішкі сезімінің, жан дүниесінің көрінісі екенін мойындайды.
«Тас жүрек болуым да мүмкін емес,
Адамзат топырақтан жаралғалы»
деген жолдарда адамның табиғатпен, туған жермен ажырамас байланысы көрініс тапқан.
Бұл жерде туған жер топырағы адамның шығу тегі ретінде алынған.
Аспанмен, сірә, төбе таласпайды,
Гүлді мекен деуім де жараспайды.
Бірақ жартас сөзіңді жайып салса,
Біздің дала ешқашан сыр ашпайды.
Өлеңнің соңғы бөлігінде ақын туған жерін аспанға да, гүлді мекендерге де теңемейді.
Сөйтсе де ол жердің өзге бір қасиеті барлығына меңзейді.
«Бірақ жартас сөзіңді жайып салса,
STUDENTLERDI BIRLESTIRIW: XALÍQARALÍQ IZERTLEWLER HÁM PÁNLER BOYINSHA BIRGE
ISLESIW 1-XALÍQARALÍQ STUDENTLER KONFERENCIYASÍ. NÓKIS, 2025-JÍL 20-21-MAY
__
_____________________________________________________________________________________________
178
Біздің дала ешқашан сыр ашпайды» деген жолдардан дала табиғатының тұңғиық құпияға
толы екенін аңғарамыз. Ақынның туған жерге деген құрметі оның әр сөзінен сезіледі.
Мен айтқан кең даланың түсі мына,
Жол берген емін-еркін ұшуыма.
Тасты әркім лақтырар көрге қарай,
Біздің құмдар бағынбас қысымына.
Өлеңнің түйіні — туған жерінің сырт көзге жұтаң көрінгенімен, оның ерекше қасиетін,
киесін терең түсінуінде жатыр. Соңғы шумақта құм мен тас арқылы туған жерге деген құрметті
арта түседі. «Тасты әркім лақтырар көрге қарай, біздің құмдар бағынбас қысымына» деген
жолдардан туған жердің төзімділігі, өрлігі, мықтылығы көрініп тұр.Тас — қаталдықтың,
ауыртпалықтың символы болса, құм — жұмсақтықтың, бірақ кез келген ауыртпалыққа
бағынбайтын мықтылықтың белгісі ретінде алынған.
Қорыта айтқанда, ақынның өлеңдері — туған жерге арналған мадақ пен тағзым жыры
іспетті. Өлең құрылымы өте жинақы, ойы айқын әрі бір бағытқа шоғырланған. Ақын туған
жерінің табиғи көріністері арқылы оның рухани болмысын, ерекше қасиетін аша білген.
Ақынның туған жерге арналған жырларында атамекенге деген асқақ сезім, философиялық ой
және өмірлік тұжырым терең өріліп, оқырманын туған жердің нағыз бағасын сыртқы
көріністен емес, оның ішкі мәнінен іздеуге шақырады.
Ақын Мейрамбек Әбдіқалықовтың жырлары жыр сүйер қауымын адалдық пен
адамгершілік сияқты сезімдерге жетелеп, атамекенін ардақ тұтып, сүюге, қастерлеуге
шақырады. Ақын жырлары халық арасында кең насихатталып, жырсүйер қауымының
жүрегінен орын алатын өлеңдері әлі талай биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Аралбаев Қ «Бесқала өрнектері» Алматы, «Арыс баспасы», 2016 ж
2.Аралбаев Қ, Смамутова Ш.А. «Қазақ-қарақалпақ әдебиеттер байланыстары» Ташкент,
«Инновацион-Зиё» 2021
3.Әбдіқалиев М. «Қызылқұм», «Дәстүр» баспасы, 2021
4.Кәрібаева Б. «Қазіргі қазақ поэзиясының лирикасы», Алматы, «Жазушы», 1988
5.Тойшыбаева С. Қазақ-қарақалпақ әдебиеттерінің байланысы-Алматы, Ғылым, 1977 ж
ТИПОЛОГИЧЕСКИЙ АНАЛИЗ СЛОВООБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ СИСТЕМ
РАЗЛИЧНЫХ ЯЗЫКОВ МИРА
Конисов Г.У.
Каракалпаский государственный университет.
Рахимова Д.З.
Студент 4-курса факультета
иностранных языков КГУ
Резюме:
Статья посвящена типологическому анализу словообразовательных систем
различных языков мира. Рассматриваются основные принципы классификации
словообразовательных систем, выявляются их структурные и функциональные особенности.
Анализируются словообразовательные модели в языках различных морфологических типов:
флективных, агглютинативных, изолирующих и полисинтетических. Также рассматривается
взаимодействие словообразования с другими уровнями языка и его роль в языковой динамике.
Ключевые слова:
словообразование, морфология, типология, деривация, морфемика,
языковая система.
